2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп
1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының «Аяла» арнайы балабақшасы» КММ
Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, Сарыарқа ш/а, 25/4 ғимараты
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
2025 жылы «Аяла» арнайы балабақшасы 71 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Оның ішінде:
Балабақшадағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау»;
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер
Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат білім басқармасының ресми интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/activities/directions?lang=ru «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.
Сондай-ақ барлық ведомстволық бағынысты ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
2025 жылы білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар 106 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде: ресми интернет-парақшаларда 101 жарияланым, теледидарда 2 сөз сөйлеу және 3 семинар-кеңес.
Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары мен қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері
Ішкі мемлекеттік бақылау бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу нысанында жүзеге асырылады.
2025 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес Ақмола облысының білім беру ұйымдарында 4 бақылау іс-шарасы өткізілді.
Қорытындысы бойынша 5 ұсыным әзірленді, оның ішінде 5-уі орындалды.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері
2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының «Аяла» арнайы балабақшасына қатысты ескертулер жоқ.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары
Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:
Меңгеруші А.Е.Исмагулова