Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ қыркүйек айында Сарыарқа шағын ауданында орналасқан «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының «Аяла» арнайы балабақшасы» КММ ашу жоспарланғанын хабарлайды. Балалар мекемесінің жобалық қуаты 166 орынды құрайды, тәрбие мен оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы және ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің келісімі негізінде тірек-қимыл аппаратының бұзылуы, психикалық дамудың кешігуі сияқты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар 3 жастан бастап қабылданады.
Балаларды «Аяла» балабақшасына қабылдау бойынша Құдайбердиев көшесі 57,.мекенжайында орналасқан Көкшетау қаласының қаласының білім бөліміне 2 қабат, 3 кабинет, тел. 50-19-51 хабарласуға болады. Жоғарыда аталған балабақшаны кадрлармен қамтамасыз ету үшін Сарыарқа ш/а «Аяла» балабақшасы мекенжайында құжаттар қабылданады. Тел. 8-771-375-07-84.
Педагог қызметкерлерге міндетті түрде ПББ (педагогтердің білімін бағалау) сертификаты болуы керек.
Түйіндемелер келесі лауазымдарға қабылданады: